ТЖ

Құтқару қызметінің оқу-жаттығуы

 

 

 

 

 1986 жылы жасалған “Сибиряк” кемесі “Есіл өзен флоты басқармасы” кәсіпорнының жеке меншігінде. Қыс жақындап, қайық әзірге өз жұмысын тоқтатты. Жаз бойы қозғалыста болған  ескі “Сибиряк” біршама тозып қалғандықтан, техника қауіпсіздігі бөлімінің инженерлері кеменің  машина бөлімшесінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген. Соның салдарынан қозғалтқыш тұрған жердегі киімдер жанып, от тұтанған. Өртті байқап қалған күзетші бірден “101” қызметіне хабар берген. Төтенше жағдай кезінде бәрінен де қымбаты – уақыт. №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 8 минутта жетті. Құтқарушылар келісімен-ақ су атқыштарды сайлап, бірден машина қажетті орынға жайғасты. “Сибиряк” ішіндегі өрт ошағын оқшаулау жұмысына 10 шақты құтқарушы тартылды. Көптің қолымен тілсіз жау тез арада ауыздықталды.  

  Әсет Сердалин,  № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші ауысым басшысы:
 – Жеке құрамды объектімен таныстырдық. Катерлер мен баржалардың орналастырылуы көрсетілді.  Осындай тактикалық жаттығулар жиі өткізіліп жатады.

 
5 тоннаға дейін жүк көтеру мүмкіндігі бар кеме аялдайтын орында тағы бір қайық орналасқан болатын-ды. Ол өрт сөндірушілердің шапшаңдығының арқасында аман қалды. Тәжірибелік шара 2 сағатқа созылды.

Гүлден Сәрсенбаева