Құқық қорғау органдары

Пәтер тонау үшін Рудныйдан Петропавлға келген

 

 

 

 

Ұсталған 36 жастағы күдікті Петропавлға Рудный қаласынан арнайы пәтер тонау үшін келіп жүрген. Баукеспе қылмысын алдын ала ойластырған жоспармен жүзеге асырып отырған: алдымен үйдің есігін қағады, онда біреу болса, мекен-жаймен қателескенін айтып, келесі пәтерге барады. Осылайша иесіз баспананы тапқанға дейін әрекетін жалғастыра береді. Ал есікті ешкім ашпаған жағдайда, бірден үйдің құлпын ашуға кіріседі. Сезікті көбіне ақша мен алтын бұйымдарды олжалап, оларды ломбардқа өткізіп жүрген. Қазіргі кезде оған екі пәтерде ұрлық жасады деген айып тағылып отыр. Рудныйлық ұры  пәтер иелерне жарты миллион теңгенің шығынын келтіріпті. Әзірге жедел уәкілдер ұрланған заттарды сатып алған тұлғаларды анықтап, алтын бұйымдарды иелеріне қайтаруда. Жыл басынан бері Петропавл қаласында пәтерлерде жасалған 387 ұрлық тіркелді, бүгінгі таңда оның 70 пайызы ашылды.

 Гүлден Сәрсенбаева