Спорт

Азиадаға әзірлік

 

 

 

 Азия ойындарының алауы Қазақстанның барлық ірі қалаларында болады. Солардың ішінде Петропавл да бар. Алауды ұстайтын жерлестеріміздің  аттары белгілі. Енді тізімді алау эстафетасының дирекциясымен келісу ғана қалды. Үміткерлер арасында мәдениет қайраткерлері, облысымыздың құрметті азаматтары, атақты спортшылар, оқытушылар бар. Ләззат Жолмұқанованың білім беру саласындағы еңбек өтілі 10 жылдан асады. Жетістіктері үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған. Алау эстафетасына қатысу ұсынылғанда  бірден келісімін беріпті.

Ләззат Жолмұқанова, №10 отра мектеп директоры:
 – Жас кезімде әрдайым спорттық шараларға қатысып тұратынмын. Баскетбол, волейбол ойнайтынмын. Бұл өмірімдегі айтулы оқиғалардың бірі. Жақсы әсер қалдырады деп ойлаймын.

7 қысқы Азия ойындарының басталуына 81 күн қалды. Бұл Қазақстан тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі. Онда Азияның көптеген атақты спортшылары жиналады. Қазақстандықтар Астана және Алматы қалаларының спорт алаңдарында Азия ойындарын тамашалай алады.

Айдана Демесінова