Қылмыс

Жаңа аялдамаларды қиратқан кім?

 

 

 

 Көк түсті 20 аялдама облыс орталығының көшелеріне тамызда тұрғызылған еді. Жамбыл көшесіне орнатылған 18, Жеңіс паркіндегі 2 аялдама қалаға сән беріп тұратын. Бірақ  жаңа аялдамалар кейбіреулерге көзге шыққан сүйелдей көрінсе керек. Қаскөйкердің шамалары пластикалық әйнектерді сындыруға жетіпті.

Тұрғындар:
– Жаңа аялдамалар ұнайтын. Бірақ бұл қуанышты ұзаққа жеткізбеді. Әйнектерін сындырып, аялдаманы тас-талқан етті.
– Жаңаны сындыру деген сұмдық. Аялдамалар қаланың эстетикалық көркін ашу үшін қойылған еді. Осындай бастаманы қолдаудың орнына кесірлерін тигізетіндер бар.

Мұндай бұзақылыққа балалар да наразы. Олар бұндай оғаш қылыққа өздерінен ересектеу балалар барған болуы керек деген болжам айтады.

Балалар:

– Аялдамалар әдемі еді. Жаман балалар сындырып тастапты.
 – Жаңалары қатты ұнайды. Таза, отыруға болады. Мемлекет ақша жұмсаған аялдамаларды біреулер сындырып кетіпті.

Ал аялдамаларды талқандағандарды полиция анықтайтын болады. “Мүлікті тізімдеу ” кәсіпорны шығынды есептеп, аялдамаларды жөндеуге кіріскен.

  Александр Иванов, Петропавл қалалық әкімдігінің “Мүлікті тізімдеу” МКК директоры:

-20 аялдамаға 8 миллион теңге жұмсалған. Әрбіреуі 368 мың теңгеге түсті. Соңғы екі айдың ішінде он аялдаманың әйнектері күл-парша етілген. Шамамен 80 мың теңге көлемінде шығын келген.

Шығын бұзақылар ұсталған кезде өндіріледі. Әзірге  аялдамалар қалалық бюджет есебінен қалпына келтіріліп жатыр.

 Әсем Сембина