МТРА жаңалықтары

Грек-рим күресінен республикалық турнир

 

 

 

 Жерлесіміз  Нұрсұлтан Қадыровтың грек-рим күресімен айналыса бастағанына 3 жыл болды. Жетістіктері аз емес. Жасөспірімдер  арасында спорттың бұл түрі бойынша еліміздің күміс жүлдегері атанып та үлгерген. Қарсыластары мықты болса да 14 жасар спортшы жеңіске жететініне кәміл сенеді.

  Нұрсұлтан Қадыров, жарысқа қатысушы:
 -Қарсыласымды жеңу қиын болды. Өйткені олар да жақсы күреседі. Мен 1-ші орын аламын деп ойлаймын.

Жарыс Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, өңірімізде күрестің дамуына мол үлес қосқан  спорт шебері Жамбыл Тасеменовтің құрметіне арналған. Шараның ашылу салтанатында   спорт майталманы балаларға игі тілегін жолдады.
 

 Жамбыл Тасеменов, грек-рим күресінен спорт шебері:
 -Жарыс балаларға арналған. Осы балалардың өсуіне, болашағына. Сондықтан осындай жарыстар көбірек өте берсін. Айтарым, балалар, жеңіске жете беріңдер/

Додаға  Ресейдің Петухово, Сургут қалаларының спортшылары да қатысты. Сайыста барлығы 179 спортшы бақ сынасты. Солардың 120-сы солтүстікқазақстандықтар
 

Мейрам Хамзин,  бас төреші :
-Бүгінгі жарыста 13 салмақта балуандар салмағы өлшенген болатын. Бұл жарыс 1994 пен 1998 жылғы балалар арасында болып жатыр. Мұндай жарыс республика көлемінде 1-ші рет болып отыр. Мен ойлаймын, осы турнирден кейін біздің балалар жақсы нәтиже көрсетеді деп.

 Жарыс қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандықтар 33 медальға ие болып, командалық есепте жеңіс тұғырынан көрінді. Ресей Федерациясының қоржынына 3 медаль бұйырса, қалған 17 төсбелгіні Қазақстанның басқа қалаларынан келген спортшылар еншіледі.

Айдана Демесінова