Спорт

Волейболшылардың облыстық турнирі

 

 

 

 

 

Турнирдің алғашқы минутынан-ақ облыстық мәслихат құрамасы көш бастады. Дегенмен  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының қызметкерлері оларға жақсы қарсылық көрсете алды. Ала допты бір-біріне алма-кезек лақтырған командалар ұпайларын еселеп отырды. Алғашқы кезең 23-25 есебімен облыстық мәслихаттың пайдасына шешілді. Қарсы команда депутаттар құрамасын қанша айналып өткісі келгенімен, мақсаттарына жете алмады. Екінші кезеңде де мәслихат командасы үздік атанды.
 

Қайырлы Едіресов, облыстық мәслихат  хатшысы:
 – Ойын өте жақсы болды. Мұндай ойындарды жиі өткізіп тұру керек. Жастар бізден үлгі ала берсін.

Өткен жылғы жарыста қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының қызметкерлері жеңімпаз атанған болатын. Тәртіп сақшылары биыл да бірінші болудан үмітті.

  Индира Оспанова, ЕС – 164/8 түзету мекемесінің нұсқаушы-психологы:
 -Мен осы жолы да жеңеміз деген ойдамын. Біз төтенше жағдайлар жөніндегі департаментпен сайысамыз.

Осы жылғы турнир Шоқан Уәлихановтың 175 жылдығы мен 7-ші қысқы Азияда ойындарына арналған. Дәстүрлі додаға биыл 30 команда қатысты.
 

Александр Новичков, дене тәрбиесі, спорт және туризм облыстық басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің бастығы:
 – Біз қатысушыларды 3 секторға бөлдік. Бірінші залда мәслихат өкілдері мен әкімшілік, екіншісінде аумақтық басқармалар мен күш құрылымдары. Мақсатымыз  – мемлекеттік қызметшілерді салауатты өмір салтына баулу.

Турнир 3 күнге жоспарланған. Ең үздік ойыншылар медальдар мен кубоктарға ие болмақ.

Гүлден Сәрсенбаева