Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшыларының дәстүрлі брифингі

 
 

 

 

 

 

Жыл басынан облыс полицейлері іздеуде жүрген 117 қылмыскерді ұстаған, олардың 19-ы шетелдік. Отандарында қылмыс жасап, заң алдында жауап беруден қашып, өңірімізден пана іздегендер негізінен көршілес республикалардың азаматтары.

  Саян Мырзабаев, СҚО ІІД КПБ аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі:
 –  РФ Ростов облысының тұрғыны 1997 жылдан бері зорлық жасағаны үшін іздеуде жүрген. СҚО тәртіп сақшыларының көмегімен араға 13 жыл салып, ізін жасырған қашқын сот алдында жауап береді. Ол өңірімізге көшіп келіп, үйленіп те  үлгерген.

Хабар-ошарсыз кеткен 119 адам  туысқандарымен қайта қауышты. Биылғы жылдың өзінде 81 жасөспірім балалар үйлерінен қашып кеткен. Оның жартысынан астамы бір тәуліктің ішінде анықталса, із-түзсіз жоғалып кеткен 34 жасөспірімнің  үшеуі әлі табылмай отыр. Сондай-ақ баспасөз мәслихатында журналистерге әдеттегідей өткен аптада облыс аумағында тіркелген қылмыстардың жайы баяндалды.

  Спартак Қабденов, СҚО ІІД қызметкері:
-Соколовка ауылында 55 жасар әйелді өлтіру фактісі тіркелді. Қылмысқа қатысты осы елді мекеннің Дмитрий есімді азаматы ұсталды. Ол бұрындары қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған. Өткен жылы түзету мекемесінен босап шықты. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал Тимирязев ауданында күш көрсетіп, ақша талап еткен 53 жастаағы ер адамнан әжесін қорғамақ болған немересі қарақшыны абайсызда өлтіріп алған. Жалпы өткен аптада тіркелген 100 қылмыстың 70 пайызы ізі суымай ашылды. Түрлі ереже бұзушылық жасаған 4 280 солтүстікқазақстандыққа әкімшілік хаттама толтырылыпты. Оның 1 692-сі жола жүру ережесін  елемегендер.
 

 

Жеңіс Ермұқанов