Жол картасы

Инфрақұрылым дамытылуда

 

 

 

Су, газ, электр желілерін жөнге келтіріп, жаңаларын салу әркез басым бағыттардың қатарында.

  Антон Федяев, СҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы:
–  Инфрақұрылым негізінен өндірісті жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобаларға тартылады.

Облыста үстіміздегі жылы “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы аясында 3 жоба жүзеге асырылуда. Әуезов көшесіндегі жол учаскесі қалпына келтіріліп жатыр. Петропавл  ауыр машина жасау зауыты мен құрғақ көбік-бетон зауытының аумағында электр желілері салынуда. Тендер өткізіліп, мемлекет қаражат бөлді. Әуезов көшесіндегі   жол учаскесінде “Норд Жолдары” серіктестігінің жұмысшылары асфальт төсеп жатыр. Бұл жол көптеген ұйымдар мен кәсіпорындар шоғырланған облыс орталығының өндірістік аймағында орналасқан. Осы жердегі шаруа бір-екі күнде аяқталмақ.

  Артем Погасян,  “Норд Жолдары” ЖШС бас директоры:
-Жалпы алғанда нысандағы жұмыстарға 45 бірлік техника жұмылдырылды. 8 мың 400 тонна асфальт жауып, 5 мың текшеге жуық қиыршық тас төседік. Қазірде бұл жұмыстар аяқталуға жақын.

Мамандардың айтуына қарағанда, егер байқаулар уақытында өткізіліп, қаржы бөлінсе  нысандардың құрылысы мен жөнге келтіру жұмыстарын ертерек аяқтауға болар еді. “Бизнестің жол картасы -2020” бағдарламасы бойынша атлаған үш жобаны жүзеге асыруға 192 млн. теңге бағытталған. Жыл аяғына дейін қаражат толық көлемде игерілмек.

Айымгүл Әбілева