Әр түрлі

Таксистерге арналған жаңа ереже

 

 

 

 

 

Рафаиль Гарамовтың жолаушылар тасымалдаумен айналысқанына он жыл болды. Жаңалықты қалт жібермейтін жүргізуші  ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығынан да хабардар екен. Тәртіпті көлік жүргізушісі автомобилін жаңа өзгертулерге сәйкес жабдықтағанына екі апта болды.  

  Рафаиль Гарамов, таксист:
– Жаңалықтарға көзқарасым оң. Жолаушыларға да ұнайды. Көлігімде қажетті белгілер де, таксометр құралы да бар.

Такси  өзге көліктерден екі белгісімен ерекшеленуі тиіс. Біріншісі – төбесіндегі шашкасы. Екіншісі – көліктің бүйірінде шахмат ретімен орналасқан сары және қара түсті белгісі болуы керек. Бұл жапсырманың ені 30 сантиметр, ал ұзындығы 100 сантиметрден аспағаны дұрыс. Автокөлік таксометр құрылғысымен жабдықталып, салонында жүргізушінің аты- жөні мен фотосуреті жапсырылған карточка болуы керек.  

  Мирас Сабағанов, “Қалалық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі” ММ инспекторы:
 – Заңнамаға сәйкес  жолаушы тасымалдаушы келесі құжаттарды қалалық әкімшілікке тапсыруы керек. Олар: жүргізуші төлқұжаты, техникалық паспорт, техникалық бақылау  жөніндегі құжат, медициналық бақылаудың нәтижесі көрсетілген қағаз.

  Қала тұрғындары мұндай жаңашылдықтарға разы.
 

Тұрғындар:

-Такси белгісі болса, кез-келген адамға тоқтатуға оңай. Алыстан да жақсы көрінеді.
– Бұл жақсы, әйтпесе кейде көлікке отырып, қайда отырғаныңды білмейсің.
-Менің ойымша бұл жақсы, әрі сәнді көрінеді.

 Көлікті жаңа ережеге сәйкес жабдықтау үшін қараша айының 5-не дейін қалалық әкімдікке қажетті құжаттарды тапсыру керек. Айдың ортасына қарай арнайы органдар жолаушылар тасымалдау ережелері қаншалықты сақталатынын қадағалайды. Ереже бұзған азаматтарға тиісті шаралар қолданылады.

Айдана Демесінова