Ауыл шаруашылығы

Малға вакцина егілді

 

 

 

 

Шнетовтар әулетінің шаруашылығында 4 сиыр,  сонша торпақ, бұзаулар  және екі жылқы, 20-ға тарта қой мен құс   бар. Отағасы Орал мен ошақ иесі Гүлнәр үшін жалғыз табыс көзі  – бағып отырған төрт түліктің барлығы жылына екі мәрте көктем және күз айларында егіліп тұрады екен.

 Гүлнар Шнетова:
 – Өте дұрыс, өйткені малдың сүтін де, етін де өзіміз өндіріп жейміз, сатамыз. Сол үшін малды егіп, ауруы бар ма, жоқ па екендігін білу керек. Кішкентай баламыз бар, мал ауру болса жұғуы мүмкін.

Вакцинация жұмыстарын  жүргізетін ветеринар- дәрігерлер осы жолы бруцеллез ауруын анықтау үшін қан алды. Туберкулез бен сібір жарасына екпе салды. Қанның сараптамасы зертханада апта бойы тексерілсе, қорғаныш дәрмектерін егудің нәтижесі 72 сағаттың ішінде анықталады.

 Сауле Түгібаева, Қызылжар ауданы Бескөл селолық округінің ветеринар- дәрігері:
-Эпзоотияға қарсы егу науқаны 100 пайыз орындалды. Туберкулезге 1 410 бас ірі қара мал тексерілді. Сібір жарасына қарсы 890 бас ірі қара егілді.

Жалпы Қызылжар ауданы бойынша Зеңгі баба тұқымының 41 мыңнан астамы дертке қарсы егілді. Науқанға өзге түліктер де ілікті.

 Сырғабек Байжанов, Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы  бөлімінің ветеринария секторының бастығы:
 – 23 мың қой ешкі, 67 000 бас жылқы, 20 мың шошқа екпе жұмысынан өтті. Республикалық бюджеттен 11 млн  472 мың теңге ақша бөлінді. Қаражат толығымен игерілді.

Дәстүрлі вакцинация жұмыстары екі айлық төлдерге де жасалады. Және оларға ветеринарлық паспорт толтырылады. Онда малдың қай уақытта және қандай аурудан екпе алғаны көрсетіліп отырады. Бұл шаралардың барлығы науқас малдың еті мен сүті адам денсаулығына зиянын тигізбесін деген мақсатпен атқарылады. Қуантарлығы, түліктердің бірінен де ауру белгісі табылған жоқ.