Қылмыс

Тал түсте терезеден оқ жауды

 

 
 

 

 

Пневматикалық қарудан оқ атқан мергеннің нысанасына “Петропавл жылу желілері” ЖШС-нің жұмысшылары іліккен. Олар жоспарға сәйкес жылу трассасын жөндеп жатқан. Бір кезде бесқабатты үйлердің бірінің терезесінен белгісіз біреу оқ жаудыра бастайды.

Виталий Вороной, ” Петропавловские тепловые сети” ЖШС жұмысшысы:
 – Біз кранның артына жасырындық. Ол бізді көздеп ата бастады. Бір рет оқ жаудырды да, бір жаққа кетіп қалды. Қаруын қайта оқтап келген болуы керек. Сосын ана жерде жатқан касканы атқылады.

Жұмысшылар полицейлерді шақыртады. Мергенді анықтау еш қиындық тудырмады. Құқық қорғау органдары тергеу жүріп жатқандықтан  оның аты-жөнін айтудан бас тартып отыр.

  Спартак Қабденов, СҚО ІІД  қызметкері:
 – Мылтық атқан адам анықталды. Оқ атылғаннан кейін полиция қызметкерлері сол жерге барып, қай пәтерден атылғанын анықтады. Пәтерге барғанда ол адам  мас күйінде болған.  

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 257- бабы 3 -тармағына сәйкес іс қозғалды. Тапа-тал түсте оқ жаудырған мерген үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 Айымгүл Әбілева