Құқық қорғау органдары

«Есепке алу» шарасы

  

 

 

 

 

Шараның алғашқы күнінде полицейлер мекенжайлары бойынша тіркеуде тұрған 697 өңір тұрғынын тексерді. Бұлардың 254- нің заң бұзушылықтарға барғаны анықталды. Сонымен қатар жазасын шартты түрде өтеп жүргендер арасында белгіленген мерзімде тіркеуге тұрмағандар да бар болып шықты. Учаскелік полиция инспекторлары тексеріс шараларын негізінен кешкі және түнгі уақыттарда өткізуде.
Шартты түрде бостандыққа шыққан азаматтар Заң талабына сәйкес апта сайын тәртіп сақшыларына келіп белгіленуі керек. Мұнымен қоса олар сағат түнгі он бір мен таңғы алты шамасына дейін үйден шықпауы тиіс. Соңғы талап – қала аумағынан  шығуға тыйым салынады. Десек те оған құлақ аспайтындар жетіп артылады.  Осы бағыттағы жұмыс күнделікті жүргізілгенімен, құқық бұзу толастар емес. Бұл, әсіресе, араққа тойып алып, шу шығаратын отбасыларға қатысты.  Ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалардың арасында аймақтық полиция пунктіне өз еркімен тексеріске келетіндер де бар. Олардан саусақ бедерлері алынып, фотосуреті тіркеуге қойылады. «Есепке алу»   шарасы қарашаның 5-не дейін жалғасады.

 Гүлден Сәрсенбаева