Билік

Үкімет азық-түлік бағасын тұрақтандыру қамында

 

 Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының мәлімдемесі бойынша биыл 10 айдағы инфляция өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8 пайызды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша 5,5 пайыз шамасында. Аса маңызды саналатын 18 түрлі тауар бағасының өсуін баяндамашылар құрғақшылықпен, көрші елдердегі өнімнің уақытылы жеткізілмеуімен түсіндіреді. Әрине, инфляция көрсеткішінің өсуіне алыпсатарларлың кесір әрекеті де әсер еткен. Республика бойынша нарық талаптарын орындамаған 156 субъектіге қатысты тексеру жүргізілген. Ұн үгетін – 44, өсімдік майын өндіретін  35 нысан, 33 наубайхана тексеріске алынды. Нан бағасын көтеру фактісі Солтүстік Қазақстан облысында да  тіркелген.  Бағаны тұрақтандыруға облыстарда жасалған меморандумдар да көмегін тигізіп жатқан жоқ. Мұндай келісімдердің Шығыс Қазақстан облысында 5 778-і жасалған. Жамбыл облысында 147 , Солтүстік Қазақстанда  15  меморандумға қол қойылыпты. Бірақ нәтиже аз. Сондай-ақ “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясына” диқандардан бидай қабалдауды тоқтатуға тапсырма берілді. Мемлекеттік қорға 970 мың тонна астық сатып алу жоспарланған еді. Әзірге 732 мың тоннасы алынды. “Қазагро” басшылығы  бұл астықтың жеткілікті екендігін айтады. Ал жоспарланған астықты облыстар сатып алып, жергілікті қор құрулары тиіс. Селекторлық кеңесте көтерілген мәселелер бойынша облыстар  басшылары есеп берді.

  Самат Ескендіров, СҚО әкімінің бірінші орынбасары:   

 – Облыста азық-түлік бағасы тұрақты. Бағаны ұстау мақсатында облыс орталығында ауылшаруашылығы тауарларының жәрмеңкелері жиі өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері 40 рет жәрмеңке ұйымдастырылып, 280 млн теңгенің тауары сатылды. Мал азығы  100 пайыздан аса жиналды. Мал басының өскені байқалады. Ал астық тапсыруға келетін болсақ, 218 мың тонна бидай тапсырдық. “Қалғанын облыстың тұрақтандыру қорыну қабылдау керек” деген “Казагро” басшылығының ұсынысын құптаймыз. Қосымша келісім жасауға даярмыз.

Ал жылыту маусымы елімізде жоспарға сай басталған. Көмір, мазут қоры жеткілікті. Өңірлердегі энергоорталықтар маусымға дайындықпен кірісті.  Жаз айларында турбиналар мен қазандықтар, жылу тораптарында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыста да барлық нысандар  жылуға  уақтылы қосылды.

 Әсем Сембина