Білім

ГТК-ның үздік студенттері

 

 

 

Карен Каспаров – колледждің 2 курс студенті және оқытушылардың айтуынша, бүгінгі сайыстың көшбасшысы. Оның қарсыластары соңғы тапсырманы әлі бастаған да жоқ, ал ол  аяқтап қойыпты. Енді Карен жұмысын   қазыларға ұсынуға дайын.

 Карен Каспаров, Петропавл экономика-техникалық білім беру кешені:
 –  Өз жұмысымда мен колледж суреттерін қолдандым, оның тарихынан біраз мәліметтер қостым. Өзіме осында білім алудың қаншалықты ұнайтыны жөнінде және оның көне ғимаратта орналасқаны жайында жаздым.

Бұл студенттердің үй тапсырмалары болатын. Көбі ғаламтордың көмегіне жүгініпті. Колледжде өткізіліп жатқан бұл алғашқы сайыс емес. Осыған дейін үздік ағаш ұстасы, радиотехник, автомобильшілер өзара шеберлік сынасыпты. Олардың арасынан жеңімпаздар анықталды.  Ал бұл жолы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығында оқитын 2-3 курс студенттері арасынан үздік электр- есептегіш машина операторы анықталмақ.

 Рысгүл Мейрембекова, Петропавл экономика-техникалық білім беру кешенінің оқытушысы:
 -Конкурстың мақсаты – оқушылардың теориялық сабақтарында алған білімдерін бекіту. Аталған мамандыққа қызығушылықтарын арттыру.

3 топтан не бары 5 сайыскер іріктеп алынды. Әрбірі 4 тапсырмадан орындауы тиіс. Алдымен  информатика және ақпараттық технология бойынша жазбаша тест, одан кейін мәтіндік процессордағы тапсырманы орындау қажет. Бұл кезеңде логикалық ойлау талап етіледі.

 Руслан Әбішев, Петропавл экономика-техникалық білім беру кешенінің оқытушысы:
 – Үшінші кезеңде формулалар мен диаграммалар бойынша тапсырмалар енгіздік. Ал  4-сі шығармашылық конкурс. Мұнда олар колледждің 80 жылдығына арналған дайын жұмыстарын таныстырып қорғайды.

Аталмыш сайысқа барлығы 15 оқушы қатысып, алған білімдерін сарапқа салды. Жеңімпаздар дипломдарға ие болады. Ал барлық мамандықтар бойынша үздіктер қарашаның 15-күні салтанатты түрде марапатталмақ. Сол күні колледждің 80 жылдығына арналған үлкен мерекелік концерт те өткізіледі.
 

Кәусар Аяпбергенқызы