Мәдениет

Рамазан Стамғазиевтың концерті

 

 

 

Өнер десе, ішкен асын жерге қоятын әнсүйер қауым бұл күні құлақ құрышын бір қандырды. Қазақ эстрадасының көрнекті өкілдерінің келетінін естіп, қуанған көрермендер залға лық толды.  
 

Көрермендер:

-Теледидардан көп көретінбіз, енді өзін көрейік деген арманмен келіп отырмыз
 -Жақсы концерт болады деп ойлаймын. Соларды көру үшін әдейі Жамбыл ауданынан келіп отырмын.

 Рамазан Стамғазиев  зор дауысы, өзіндік қазақы қасиетімен көптің ішінен дара танылған әнші. Сондықтан оның орындаған әр әнін халық шын жүректен қабыл алды. «Он саусақ», «Ғалия», «Жиырма бес» сияқты халық әндері Рамазан Стамғазиевтің орындауында тың туындылардай танылды. Ескіні қадірлей білетін азамат тыңдаушысына әр әннің тарихын да таныстыра отырды. Дарабоз әншінің келешекке жоспарлары да зор екен.

  Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның халық әртісі:
 – Жақында ғана «Қазақтың мың әні, мың күйі» деген антология шықты. Соның ішінен таңдап, арасындағы сонау Қытайда, Монғолияда жатқан қазақтардың аманаттаған әндерін талдау арқылы үлкен СД дискі, кассеталар шығарып, Астанада үлкен концерт беруді жоспарлап отырмыз.

Рамазанның өмірде  де, өнерде де  қатар жүрген сыңары    Ұлту Қабаева да кербез даусымен көрерменнің жүрегіне жылу ұялатты.  
 
  Ұлту Қабаева, әнші:
 – Әншілерде жалғыз мақсат болады, ол халықпен қауышу. Әнімізді сүйікті тыңдаушымызға жеткізуге келдік. Халық композиторлары және өздеріңізге белгілі Нұрғиса ағамыздың, Тұрсынжан ағамыздың әндерін орындаймыз.

Гастрольдік сапар барысында жұлдызды жұп Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе қалаларының жұртшылығын да қазақ өнерімен сусындатпақ.

 Кәусар Аяпбергенқызы