Білім

Президенттік олимпиаданың бірінші туры аяқталды



 

Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылған білім сайысына қала және аудандардың 62 мектебінен кілең үздік оқушылар  жиналды. Алғашқы іріктеу турынан 54 оқушы  өтті. Солардың бірі –  физика ғылымын зерттеп жүрген Әли Мүбәраков.

  Әли Мүбәраков, қазақ-түрік лицейінің 11сынып оқушысы:
 – Мен түрлі олимпиадаларға 3-ші жыл қатысып жүрмін. Екінші турда қиындау деп ойлаймын. Есептер қиын емес, бірақ логикалық ойлау керек. Бірінші турда көп адам болғандықтан,  көп дайындалдым, енді екінші турға өткеніме разымын.

Үміткерлердің жұмыстарын СҚМУ мен біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институтының оқытушылары бағалады. 12 ғылыми қызметкер мен 10 мұғалімнен тұрған  қазылар бұл жолғы тапсырмалардың университет деңгейінде,   біршама күрделі болғандығын айтып отыр.

Сәуле Базарбаева, СҚМУ жаратылыстану-жағрафия факультеті деканының ғылым жөніндегі орынбасары:
 – Былтырғымен салыстырғанда сұрақтар біршама күрделі. Президенттік олимпиадаға жетістіктерге жеткен оқушылар ғана қатыса алады.

 Президенттік сынақтың ақырғы кезеңіне білімі мен ойлау қабілеті ерекше 20 оқушы ғана жолдама алды. Олардың алтауы ЛОРД мектеп-лицейінің, төртеуі Бірінші гимназияның, тағы алтауы №1 жалпы білім беру лицейінің оқушылары  және 1 жеңімпаз Ә.Досмұхамбетов атындағы  гимназия-интернат оқушысы. Екінші кезеңнің тапсырмаларын үздіктер ешқайда бармай, қашықтықтан орындайтын болады.

 

Кәусар Аяпбергенқызы