Әр түрлі

Қарашаның басы жылы, соңы аяз



 

  Өткен жылы қараша айының алғашқы онкүндігінде күн   -21 градусқа дейін суытқан болатын. Ал ағымдағы жылы қараша айының басы +16-ға дейін жылылықты көрсетпек. Былтыр бұл кезде жерде қар жатса, биыл алтын күз жайма шуақ күндерімен қуантуда.

  Дмитрий Шпортько, СҚО гидрометеорологиялық орталығының инженер-синоптигі:
 – Осы айда орташа айлық температура 4-8 градус суықтықты көрсетеді. Дегенмен, айдың алғашқы онкүндігінде табиғат-ана жылуымен, шуақты күндерімен қуантпақ .

Бұл тек алғашқы онкүндікте ғана. Дан кейін жаңбырлы, қарлы, аязды күндер басталады. Айдың соңында қытымыр мінезді қыстың алғашқы аязы да өзін көрсетеді. Батыстан соққан ызғырық желдің әсерімен ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді. Қарашаның ортасында қар аралас жаңбыр  жауады. Сондықтан кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал.

Гүлден Сәрсенбаева