Білім

Жас радиотехниктер байқауы

 

 

 

 

 

Әуелде кәсіптік шеберлік сайысына қатысуға 60-қа таман жас ниет білдірді. Шешуші сынға он үміткер ғана мүдірмей жете алды. Енді олар үлкен шыдамдылық пен нақтылықты қажет ететін сүйікті істеріне кірісуге дайын отыр.

  Алмат Мәкішев, гуманитарлық-техникалық колледж оқытушысы:
 –  Конкурстың мақсаты  – мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру, екіншіден білімдерін бекіту. Келесі талаптар қойылады: біріншісі тест тапсырмалары және практикалық жұмыс.

Аталмыш колледж радиотехника мамандарын даярлайтын қаладағы жалғыз оқу орны. Сондықтан мұнда білім алып жатқандардың әрбірі өз қалауларын нақты біліп келгендер. Еркін Мусин   бала жасынан кішігірім құрылғыларды жөндеуге машықтанған. Сол қызығушылығының арқасында ол болашақ техник маман, сонымен қатар сайыс жүлдегері атанды.

Еркін Мусин, колледж студенті:
 – Мен мұнымен кішкентай кезімнен айналысамын. Мұны істеу маған қиын емес. Сондықтан бәрін жақсы жасап шығамын.

 Сайыскерлер барлық тапсырмаларды ұқыптылықпен орындап,  сыннан мүдірмей өтті. Ал ең шебер радиотехниктер грамоталармен марапатталды.

 

Кәусар Аяпбергенқызы