Құқық қорғау органдары

Кімнің баласы екен?

 

 

 

 

Бала Чернышевский және Тухачевский көшелерінің қиылысында табылды. “Такси тоқтап, одан мас ер адам шығып, баланы тастады да, тез арада кетіп қалды” дейді түнгі оқиғаның куәгерлері. Ал жарты сағаттан кейін сәби полицейлермен емін-еркін ойнауға кіріскен. Бірақ баланың есімінен басқа тәртіп сақшылары мардымды ештеңе біле алмады.

  Асылбек Рамазанов, Петропавл қалалық ІІБ КЖТІЖБ инспекторы:
Арнайы шаралар барысында әйел мен ер адам анықталды. Олар сағат 10 кезінде Чернышевский мен Тухачевский көшелерінің қиылысында тоқтаған такси жүргізушісі – мас ер адамның баланы жалғыз қалдырып кеткенін көрген. Қараңғы болғандықтан олар көліктің түсі мен номерін байқамаған.  

Тәртіп сақшылары баланы облыстық ауруханаға жеткізген.  Саша  есімді сәбидің жасы шамамен екі жарымда. Тілі анық шықпаған.  Бүлдіршіннің киімі таза, ешкімді жатырқамай, өзін еркін сезінеді.

  Копий Данько, облыстық балалара ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі:
-Баладан алынған қан, дәрет талдауы , басқа да тексерулер оның дені сау екенін көрсетті. Тәбеті жақсы, жалпы балғынның жағдайы қанағаттанарлық.  

Қазіргі уақытта полицейлер куәгерлер мен баланы әкеліп тастаған такси жүргізушісін іздестіруде. Ал бүлдіршіннің ата-анасы қайда және неліктен балаларын іздемей жатқаны беймәлім. Ал Саша болса, әзірше ауруханада. Полиция қызметкерлері бала немесе оның ата-анасы туралы бір хабар білетін тұрғындарды  Петропавл қалалық ІІБ -на – 39-48-65, 39-48-80, немесе 102 телефондары арқылы хабарласуды сұрайды.

Айымгүл Әбілева