Құқық қорғау органдары

Ағасын қорғап аштық жариялады

 

 

 

 

 

Пара алды деген айып тағылған Талғат Сартаевтің інісі аштық жариялады. Ол ағасына тағылған айыппен келіспейді. Бір ай бұрын қаржы полицейлері қатардағы іс деп санап жүрген бұл оқиға жанжалға ұласқан болатын. Пара берген жәбірленуші сот процесі кезінде таңба салынған ақшаны мәжбүрлеу көргендіктен бердім деп айтқан. Ал істің материалдарындағы көрініс мүлдем басқаша. Онда санитар дәрігерлер кәсіпкер сұрағандарын бермесе, дәмхананы жабамыз деп қорқытқан. Сөйтіп, кәсіпкерден 5 мың АҚШ долларын талап еткен. Жапа шегуші тараптың айтуынша, ақша салынған пакетті бастыққа берулері тиіс болатын. Алайда сол мезетте ол орнынан  табылмай қалған соң, сценарийді өзгертуге тура келіпті. Қаржы полицейлері өздеріне тағылған айыппен келіспейді. Әрекетіміз заң шеңберінен шыққан жоқ деп,  түсініктеме беруден бас тартып отыр.  Мамандығы бойынша автомеханик Жанат Сартаев бүгін соңғы рет жұмысқа шықты. Бірнеше күннен бері ол қара суды ғана қорек етуде. Оның талабы бойынша қылмыстық іс тағы да тәуелсіз тексерістен өтуі тиіс. Егер іс өзгеріссіз қалатын болса, айыпталушы Талғат Сартаев 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Кәусар Аяпбергенқызы