Спорт

Ардагерлер арасындағы шахмат турнирі

 

 

 

 

 

Ойыншылар қалалық шахмат клубының тұрақты мүшелері. Мәселен, Жақсылық Құлдаев ала тақта ойынымен бала күнінен әуестенеді екен. 65 жастағы қария құрметті демалысқа шыққалы сүйікті ісіне уақытын көбірек бөліп, клубқа жиі бас сұғатын болған.

  Жақсылық Құлдаев, жарысқа қатысушы :
 – Шахмат өте қызық ойын. Бала кезімнен мектепте ойнайтынмын. Кейін институтта да әуестеніп жүрдім. Жұмысқа тұрған соң уақытым болмады. Енді әр кеш сайын келіп ойнаймын. Ұтамын деген үміттемін.

Турнирге ең үздік 24 шахматшы жиналған. Жарыс жүйесі олимпиадалық, яғни, ұтылдың – ойыннан шықтың.

  Павел Путинцев, «Науқастарды зерттеу және оның алдын алу СҚ орталығы» БҚБ менеджері:
 – Жалпы турнир салауатты өмір салтын қалыптастырудағы қиындықтар жөніндегі орталықтың әлеуметтік тапсырысы бойынша өткізілуде. Жарысқа қатысушылар зейнеткерлер, еңбек ардагерлері және мүгедектер.

Тартысты ойын жеңімпаздарының есімі турнирдің жабылу салтанатында белгілі болмақ.

Гүлден Сәрсенбаева