Әр түрлі

Новопавловкадағы молада бұдан былай жерлеуге болмайды

 

 

 

 

Шілде айындағы хабарларымыздың бірінде молалар саяжайларға жақындап келе жатқандығы туралы арнайы сюжет әзірленген болатын. Жерлеу жұмыстарын жүргізетін компания моланы жабуға әлі бірер жыл керек екендігін алға тартқан. Бірақ бейнесюжеттен кейін Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының мамандары мола аумағын тексеруге шыққан.

  Қайыргелді Қазеев,  өңіраралық жер инспекциясының бөлім бастығы:

– Мұрағаттан құжаттарды іздестірдік. Бірақ жердің молаға берілгендігі туралы рұқсат қағаз болмады. Есесіне 50-ші жылдары жасалған осы маңның кестесі табылды. Сонымен  моладан саяжайларға дейін 14 метр болуы керек екен. Ал бүгінде екі ара 6 метрді құрайды. Ал Юбилейный көшесі арасында 26 метр болуы керек. Өздеріңіз білесіздер, бұл жерде мола жолға жеткен.


Моланың көше мен саяжайға жайылғанына біраз болған. Бірақ бұл фактілер уақыт өткен соң ғана қағаз жүзінде дәлелденіп отыр.

  Қайыргелді Қазеев,  өңіраралық жер инспекциясының бөлім бастығы:

-Осы фактілерді есепке ала отыра, “Петроспецобслуживание” серіктестігінің басшысы Скоробогатовты әкімшілік жауапкершілікке тартып, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салдық. Бұл маңда тиісті құжаттарсыз жерлеу жүргізуге болмайтынын ескерткен қағаз бердік.

Сонымен, молаға жерлеу жүргізуге тыйым салынды. Тек моланың аумағының ішінен бұған дейін жер белгіленіп қойса ғана, қайтыс болған адамды көмуге рұқсат етіледі.
 

Әсем Сембина