Білім

Халықаралық олимпиада жүлдегері «ЛОРДта» оқиды

 

 

 

 Бірнеше ғылыми жарыстарда шыңдалып үлгерген ЛОРД лицейінің оқушысы Вадим Усик биыл 15-ші  халықаралық астрономиялық олимпиадада үшінші орынға ие болды. Үш кезеңнен құралған жарыста жастардың теориялық және практикалық  білімдері сыналған. Осы жолғы сайыста ғарыш әлемін сүйетін Вадимге аспан денелеріне байланысты берілген тапсырмалар ұнапты.

  Вадим Усик, ЛОРД облыстық мектеп-лицейінің оқушысы:
 -Жарыстан алған әсерім мол. Қырымның обсерваториясын аралап көргеніме қуаныштымын. Мұндай сайыстар менің зейінділігімді арттырып, ой-өрісімді дамытады. Жалпы аспан әлемі мені бала кезімнен қызықтырады. Сондықтан жұлдыздарды жақсы білемін.

Лорд лицейінің шәкірті оған жарыста жеңуге қосымша   сабақтар көп себін тигізді дейді. Айта кету керек,  Петропавл мектептерінде “Астрономия” пәні терең оқытылмағанымен Вадим мен оның достары өз білімдерін сабақтан тыс уақытта  толықтырады. Үйренуден талмайтын дарынды жас жазғы демалысын да бос өткізбепті. Вадим Усик сыныптастарымен жақында ғана 3-ші республикалық астронавттар слетіне қатысып, І орынды еншілеген. Болашақта мамандығын астрономиямен байланыстырғысы келетін жасөспірім енді ақпан айында Ресейде өтетін турнирге дайындалуда.

Гүлден Сәрсенбаева