Мәдениет

Білім беру саласы ардагерлеріне арналған концерт

 

 

 

 Ардагер ұстаздар үшін қазан айы қуаныш пен думанға толы болды. Аға буын өкілдері алдымен қариялар күнін атап өтсе, кейін кәсіби мерекелерін тойлаған еді. Ал бүгін ұстаздар қауымы қарттарға қамқорлық көрсету айлығын қорытындылауға арналған кешке жиналды. Білім саласына еңбегі сіңген ұстаздарға арналған концертті “Күдер” ансамблінің домбырашылары  ашты.Одан кейінгі кезек мың бұралған қыздарға берілді. “Қуанамын” ансамблінің кішкентай бишілері көрермендерінің жүрегін бірден жаулап алды. Қонақтар балдырғандардың репертуарын қызыға тамашалады. Шолпан Садықова қарияларға қамқорлық көрсету айлығы аясында біраз іс-шараларға қатысыпты.  

  Шолпан Садықова, ардагер ұстаз:
 -Мұндай рухани байлық біз үшін өте жақсы нәрсе. Біз бір жасарып қаламыз. Мен осыменен 3-ші концертке қатысып отырмын.

Мәкен Қалиев ұстаздық жолын Жамбыл ауданы Сәбит ауылындағы  орта мектепте бастаған. 42 жыл бойы тарих пәнінен тәлім берген оқытушы концертте әріптестерін кездестіріп, бір шаттанып қалды.

  Мәкен Қалиев, ардагер ұстаз:
 -Анау күні С.Мұқанов сазды драма театрында концерт берілді. Ш.Уәлихановтың 175 жылдығына арналған. Қамқорлықтарына рақмет.

Концертте   жас ұстаздар да өз өнерлерін көрсетті. Әсем әндер қарияларға жақсы көңіл-күй сыйлады.

Гүлден Сәрсенбаева