Мәдениет

Юнус Эмре мұрасы



 

 Юнус Эмрені бүгінгі ұрпақ түрік тілді поэзияның негізін салушы деп біледі. Бұған дейінгі әдебиет парсы, араб тілдерінде жетсе, Эмренің жыр жолдары түрік тілінде өрілді.

  Идрис Картал, “Түрік мәдениеті ” қоғамдық бірлестігінің төрағасы :

-Бұл адам тек түрік әдебиетіне ғана үлес қосқан жоқ. Юнус Эмрені барлық ислам халқы үлгі тұтқан. Біз жыл сайын түрік халқының белгілі адамдарына арналған шаралар ұйымдастырып жүрміз. Бүгінгі мерекелік шараның Юнус Эмреге арналуына қуаныштымын.

Юнус Эмренің өлеңдері сан алуан тақырыпты қамтыды. Бірақ ең негізгілері ғашықтық,  махаббат тақырыбы, сопылық жолды мадақтау болды.

  Ділбар Бегалина,  М. Қозыбаев атындғы СҚМУ аға оқытушысы :

-Абай да өз шығармаларында шындыққа жеттудің жолы, жаратушымен мәңгі табысудың жолы тек махаббат және жүректің тілі деген. Егер есімізге түсірсек, ақыл адасуы мүмкін, жүрек адаспайды дейді. Осы адаспайтын жолды Шәкәрім де, Юнус Эмре де айтады.


Бүгінде Юнус Эмре өлеңдері жастардың сүйіп оқитын шығармаларына айналған. Оның еңбектері қазақ -түрік лицейінің мектеп бағдарламасына да енген.

  Махаббат Сәдуақасова, қазақ-түрік лицейінің оқушысы:

-Біз түрік тілін үйренеміз, түрік әдебиетін де үйренеміз. Сол кезде Юнус Эмренің өмірі, қандай тақырыптарға жазғанын білеміз.
Қалмұрат Муминов,  М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

 -Түбіне келсек, оның шығармалары Абайдың ойларын жеткізу мәнеріне келеді.

Юнус Эмренің шығармалары қазақ,орыс, өзбек тілдеріне аударылған. Жиналғандар ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып, оның өмірі жайында әңгімеледі.

Әсем Сембина