Білім

СҚМУ-дың мәртебесі өсе түсті

 

 

 

 

СҚМУ  2010 жылы университеттердің Ұлы хартиясын қабылдап,  Ректор Оңдасын Әшімов бұл құжатқа қол қойып келді. Қазақстанның 60 университеті Болония  процесі   қатарына енген.  

  Оңдасын Әшімов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:
 – Бұл хартияға қол қою мақсатында Болонияға бару үшін, біз шақыру алуымыз керек. Ол үшін оқу орнының жұмыс істеу сапасы тексеріледі. Білім беру, ғылым салалары мен ғылыми-техникалық база жөнінде мағлұмат беретін құжаттарды ұсындық .

Оқу орны қол жеткізген табыстарын  іс жүзінде арнайы комиссияға көрсеткен болатын. Қазір оқу ошағының студенттері үшін мультимедиялық кешен жұмыс істейді. Жабдықталған лабораториялар,  әдебиет қоры бай кітапхана бар.  Бірақ ең маңыздысы – оқу процесі мен ғылыми жұмыс. Ғылыми зерттеуді қаржыландыру соңғы 7 жылда 20 есеге артқан. Қазір ол 60 миллион теңгені құрайды. Болония  процесіне  әлемнің 600-ден астам ЖОО қатысады.  

Оңдасын Әшімов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:
-Бұл ең алдымен студенттің өз мүмкіндігін әлемге танытуға жол салады. Басқа елдің ЖОО-на ауысуын жеңілдетеді. Әсіресе, Болония процесі қатарындағы университеттерге.
Осы жылдан бастап  СҚМУ дипломының мәртебесі де асқақтайды.

 
Басты мақсат – бәсекеге қабілетті диплом. Бұл жағдайда халықаралық қатынастардың маңызы зор. СҚМУ европалық ЖОО-мен бірлесіп қызмет етеді. Жуырда Оңтүстікафрикалық Манкосса университетімен байланыс орнатылған. Жергілікті 13 студент аталған оқу орнында білім алуда.