СҚМУ 2010 жылы университеттердің Ұлы хартиясын қабылдап, Ректор Оңдасын Әшімов бұл құжатқа қол қойып келді. Қазақстанның 60 университеті Болония процесі қатарына енген.
  Оңдасын Әшімов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:
 – Бұл хартияға қол қою мақсатында Болонияға бару үшін, біз шақыру алуымыз керек. Ол үшін оқу орнының жұмыс істеу сапасы тексеріледі. Білім беру, ғылым салалары мен ғылыми-техникалық база жөнінде мағлұмат беретін құжаттарды ұсындық . 
Оқу орны қол жеткізген табыстарын  іс жүзінде арнайы комиссияға көрсеткен болатын. Қазір оқу ошағының студенттері үшін мультимедиялық кешен жұмыс істейді. Жабдықталған лабораториялар,  әдебиет қоры бай кітапхана бар.  Бірақ ең маңыздысы – оқу процесі мен ғылыми жұмыс. Ғылыми зерттеуді қаржыландыру соңғы 7 жылда 20 есеге артқан. Қазір ол 60 миллион теңгені құрайды. Болония  процесіне  әлемнің 600-ден астам ЖОО қатысады.  
Оңдасын Әшімов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:
-Бұл ең алдымен студенттің өз мүмкіндігін әлемге танытуға жол салады. Басқа елдің ЖОО-на ауысуын жеңілдетеді. Әсіресе, Болония процесі қатарындағы университеттерге. Осы жылдан бастап  СҚМУ дипломының мәртебесі де асқақтайды. 
 
Басты мақсат – бәсекеге қабілетті диплом. Бұл жағдайда халықаралық қатынастардың маңызы зор. СҚМУ европалық ЖОО-мен бірлесіп қызмет етеді. Жуырда Оңтүстікафрикалық Манкосса университетімен байланыс орнатылған. Жергілікті 13 студент аталған оқу орнында білім алуда.