Әр түрлі

Отансүйгіштік қалай қалыптасады?

 

 

 

 

Институтта әскерилердің азаматтық позицияларын қалыптастырып, рухани және мәдени деңгейлерін арттыру бағытында іс-шаралар жүргізіліп тұрады. Сабақтарда тәрбие алушыларға қазақ батырларының ерліктері үлгі етіледі. Бұның бәрі отан қорғаушы сарбаздар мен офицерлерді елжандылыққа баулуға жасалып жатыр.  

 Мақсат Бекжанов,  ҚР ІІМ ІӘ Әскери институтының курсанты:
 – Мен бала кезімнен әскери мамандықты таңдадым. Арманыма жетіп, әскери институтқа түстім. Мұнда маған тәрбие және үлкен білім беріп жатыр.

Былтыр Елбасының Жарлығымен әскери қызметшілерді отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған 1 жылдық бағдарлама жасалыпты. Жиынға қатысушылар осы жұмыстардың маңызын сөз етті.

  Ошақбай Сейітбеков, ҚР ІІМ ІӘ Әскери институтының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс циклінің бастығы:

-Бұл бағдарламаны орындау негізінде біздің әскери қызметшілермен әңгімелесулер, кездесулер, түрлі бағыттағы пікірталастар, викториналар, концерттік бағдарламалар өткізілуде. Олар тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастыруда көп көмегін тигізеді.

Қоғамда патриот болу – ел басына күн туғанда қару алып, жаумен алысу деген тар түсінік қалыптасқан. Отансүйгіштік жастайынан жасыл желекті сындырмау, қоқыс шашпау, мұқтажға көмек көрсету сияқты қарапайым дүниелерден басталады. Мейлі дәрігер, ұстаз,  офицер  болсын, бойына адамгершілік қасиеттерді жиып, таныта алса, ол нағыз патриот дейді жиынға қатысушылар.  

  Нұрсұлтан Төлеген,  ҚР ІІМ ІӘ Әскери институтының курсанты:
 – Мен әскери институтта алған білімімді, ептілік пен дағдыларымды ҚР азаматы, болашақ офицер, тәрбиеші ретінде өзімнің сарбаздарымды ҚР Конституциясын,  заңдарын дұрыс орындауға, ҚР азаматы ретінде дұрыс қалыптастыруға үлесімді қосамын.

Осылайша семинарға қатысқан әскерилер мен ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қазақстандық патриотизмді дамытудағы  ойларымен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасып қайтты.

Жеңіс Ермұқанов