Білім

Өнерлі ұстаз жеңісі

 Жоғары категориялы педагог Юрий Кузнецовтың балаларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын танытып келе жатқанына жиырма жыл. Ол оқушының бойындағы дарынды байқап, оның шығармашылық қабілетін дамыту үшін тынбай еңбек етіп келеді. Баланың бейімін көре білетін тәжірибелі ұстаз   “Шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, қиялын ұштау – олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыра түседі” – дейді.

 Юрий Кузнецов,  №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің бейнелеу өнері мұғалімі:
 -Әрбір баламен жеке жұмыс істеуге тырысамын. Олардың қабілеттері әрқилы. Сондықтан ешқашан барлық оқушыларға бір тапсырма бермеймін. Егер балалар менің әр сабағымнан қандай да бір нәтижемен шығатын болса, онда менің еңбегімнің еш кетпегені деп білемін.

Ұстаз еңбегін шәкірттері ақтап-ақ жүр. Юрий Кузнецовтың оқушылары республикалық қана емес, түрлі халықаралық байқаулардың жеңімпаздары. Жақында Чехияда өткен көрмеде жерлестеріміздің бірнеше туындысы жоғары бағаланған. Тәжірибелі ұстаздың өзі Николай Рерих атындағы халықаралық қордың сыйлығына ие болды. Юрий Кузнецов “Педагогика және ағартушылық” аталымында жеңімпаз атанды.

-Мен Мәскеу қаласында өтетін шараға шақыртуды мұғалімдер күнінде алдым. Әрине, үлкен сыйлық болды. Байқау шарттары оңай емес болатын. Жұмысымның бағаланғанына  қуаныштымын. Бұл халықаралық  қор сыйақысы менің көпжылғы еңбегімнің нәтижесі деп ойлаймын.

Әріптестері Юрий Кузнецовтың еңбекқор жан екенін айтады. Өз ісінің шебері дамыл таппай, әрқашан ізденіс үстінде дейді олар.

 Күлмән Исанова,  №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені директорының орынбасары:

-Балалармен жеке-жеке жұмыс істейді. Таңертең келіп, кеш кетіп, жексенбі күні де осында болады. Уақытпен санаспайды. Еңбегінің жемісін көріп келеді. Осы жолы Мәскеуден Рерих премиясын алып келді. Бұл біз үшін абырой-атақ.

Өнерлі ұстаздың алға қойған жоспарлары көп. Қазір ол шәкірттерін келесі жылы өтетін байқауларға даярлап  жатыр.
 
Айымгүл Әбілева