Спорт

Кәсіби мерекеге арналған сайыс

 
 

 

 

Қазақстандағы мамандандырылған күзет қызметінің құрылғанына 58 жыл. Осы уақыт ішінде құрылым түрлі ведомстволар қарамағында болды. Атауы өзгергенмен қызметі өзгермеген – еліміздегі нысандардың қауіпсіздігін, көшелердегі тыныштықты қамтамасыз ету. Ал бұндай жерлерде ер жігіттердің дене даярлығы алдыңғы орында тұрады.

Қайырболат Бекболтин, СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

-Негізгі нысандарды күзетеміз. Облыстық әкімдікті, қалалық, облыстық сотты, «Есіл суды» күзетеміз. Сондықтан спортқа көңіл аударамыз.

СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасында бүгінде 700-дей адам еңбек етеді. Қызметкерлер облыстағы 72 нысанды күзетеді. Сонымен қатар ІІД бірлесе жұмыс атқарады.

Бауыржан Бисарин, СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жеке полиция батальонының командирі:

 – Біздің жеке топ бар, ЦОУ- дан хабар келеді Сол топпен іс-әрекет жасау керек. Дәмхана да көп, көшелерде тонау бар, қарақшылық бар.

Сондықтан күзет қызметіне іріктеу кезінде батыл да, кез-келген оқиғаға әзір қызметкерлер таңдалады.

  Дархан Бекболатов, СҚО мамандандырылған күзет қызметінің Аққайың аудандық бөлімінің қызметкері:

-Күзет қызметкерінің спортқа деген ынтасы мол болуы керек. Мен өзім кез-келген жағдайға даярмын.

Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері екі күн бойы шағын футбол, волейболдан жарысқа түсті.

 Әсем Сембина