Әр түрлі

Жер иелену және пайдаланудағы заң бұзушылықпен күрес



 

 

 Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының мамандары жыл басынан бері төрт жүзге жуық тексеріс жүргізіп, 287 заң бұзушылықты тіркеген. Ауылшаруашылығы құрылымдарында негізінен жерді өзге мақсаттарға пайдалану, немесе мүлде игермеу сияқты кемшіліктер кездеседі. Ондай аумақтар мемлекетке қайтарылады.

  Қайыргелді Қазеев, өңіраралық жер инспекциясының бөлім бастығы:

-Тимирязев МТС-ының үстінен  шағым бердік. Жерді дұрыс пайдаланбаған. Жер мемлекеттің меншігіне қайтарылды.

Мақсатсыз пайдаланылып, не игерілмей жатқан жерді анықтап, мемлекетке қайтару бірнеше жылға созылатын жұмысты қажет етеді. Ал жыл басынан бері инспекция мамандары әкімшілік сотқа 17 іс жөнелткен. Олардың басым бөлігі облыс орталығындағы жер телімдеріне қатысты. 15-і бойынша қалалық сот Петропавл әкімдігінің шешімін заңсыз деп тапты. Қайыргелді Казеев алдағы уақытта мұндай жер иеленушілердің қатары азаятындығына сенімді.

Қайыргелді Қазеев, өңіраралық жер инспекциясының бөлім бастығы:

– 2006 -2007 жылдарға қарағанда осы жылдың он айында азайып келеді. Халық түсінген, заңсыз алғанмен ол жерге ештеңе сала алмайды.

Әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша 10 айдың ішінде 13 млн 550 мың теңгенің айыппұлы салынған.

Әсем Сембина