Мәдениет

Жас суретшілер фестивалі

 

 

 

 

 
Бұл балалар Елордада 3 күн болып қайтты. Сол аралықта олар тек фестивальға қатысып қана қоймай, хас шеберлерден тәлім алып үлгеріпті. Киіз, мата, керамика материалдарымен жұмыс істеп, солардың бірқатарын өздерімен ала келді.

 Надежда Майстренко,  “ЮНЕСКО клубы” көркемдік лицейінің мұғалімі:
 –  Біз мұндай көрмелерге үнемі атсалысып, қатысып тұрамыз. Бірақ осы фестиваль ерекше болды. Себебі онда «Юнеско клубының» 10 жыл бойы жасаған еңбектері бағаланды.

«Әлем  – сәби көзімен. Қазақстан» деп аталған фестиваль 1999 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл жолы қатысушылар саны әдеттегіден көп болыпты. Сайысқа Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстанның  3 жастан бастап 18-ге дейінгі  балалары мен жасөспірімдері өз еңбектерін жіберген. Нәтижесінде осы елдерден жиналған 500-ге жуық суреттің  67-сі көрмеге шығарылды. «Юнеско клубының» 10 жылдығына орай альбом дайындалыпты. Жинақтың 115-бетінде жерлесіміз Юлия Өтепбергенованың да еңбегі бар.

  Юлия Өтепбергенова, “ЮНЕСКО клубы” көркемөнер  лицейінің оқушысы:
 – Өз еңбегімде көбелекті салдым. ДВП материалына түрлі- түсті жіптер жапсырып, әр түрлі өрнек құрастырдым. Оның атын «Полет фантазии» деп атағанмын, бірақ альбомда ол жай ғана «Полет» деп беріліпті .

Екі Юля, Наташа, Алиса мен Гоша Елордадан ұмытылмас әсерге қоса базарлықтар да ала келіпті.

 Кәусар Аяпбергенқызы