Денсаулық сақтау

Тұмауға қарсы иммунизациялау айлығы

  

 

 

 Облыста эпидемологиялық жағдай тұрақты. Жедел респираторлық ауруларға шалдығу 1,4 % төмендеген. Соңғы аптада 1 081 жағдай тіркеліпті. Ауру белгілері тіркелген науқастардың 70 пайызы – балалар. Ал тұмауға шалдыққандары жоқ. Десе де ауа арқылы жұғатын вирустардан ешкім сақтана алмайды. Осыны ескерген өңір дәрігерлері республикалық жаппай иммунизациялау айлығын өткізуде. Жұқпалы инфекцияның ағзада өршуіне жол бермеу мақсатында облысымызға 21 млн. 300 мың теңгенің 11 833 дана вакцинасы жеткізілген.

  Айтмағанбет Жолшоринов,  ҚР Денсаулық сақтау  министрлігінің МСЭҚКБ бастығы:
 – Вакцинаның үш түрі алынып отыр: Ваксигрип, Нимфлювак, Влюрариск  Франция, Германия, Нидерланды елдерінен жеткізілген. Үшеуінің де маңызы өте зор. Бәрі сертификатталған. Кім қайсысын қолданамын десе, өз еріктерінде.

Қауіпті кеселге қарсы тұру үшін қорғаныш дәрмектерін егу науқанынан шет қалмау керек. Иммунизация шарасы қазанның 18-нен басталып кеткен.

  Айтмағанбет Жолшоринов,  ҚР Денсаулық сақтау  министрлігінің МСЭҚКБ бастығы:
-Ақысыз түрде тек осал топтарға жасалады.
Олар диспансерде есепте тұрған балалар, медицина мамандары мен 60-н асқан үлкен адамдар. Қалғандарына ақылы түрде медицина мекемелерінде егіледі.

Мамандардың айтуынша, тұмау 2010 жылдың желтоқсанында өршуі мүмкін. Келесі жылдың наурыз айында қайта айналып келеді деген болжам жасалуда. Сондықтан  жерлестеріміз жеке гигиенаны сақтап, жылы киініп жүрсе игі дейді мамандар.  
 

Жеңіс Ермұқанов