Құқық қорғау органдары

“Қауіпсіз жол” аяқталды



 

 

 Облыс орталығында мас жүргізушілер таңсық емес. 8 күнге жалғасқан жедел алдын алу шарасының барысында жол сақшылары осыған тағы бір көз жеткізді. 45 жастағы бір жүргізуші қаланың дәл ортасында қолға түсіпті. Полицейлер тоқтатқанша  «Форд» жүргізушісі рөлге ие бола алмай, өз үйінің қоршауын құлатқан.  Осылайша «Қауіпсіз жол»  шарасы барысында мас күйде рөлге отырған 155 жүргізуші тоқтатылды. Жылдамдықты асыру бойынша 412 хаттама толтырылып, тағы 220 жүргізуші жолда келе жатып, ұялы телефонмен сөйлескені үшін жазасын алды. 462 хаттама қауіпсіздік белбеуін тақпағандарға толтырылды. 217 көлік иесі қиылыстарды өту ережесін бұзғаны үшін, тағы 27-сі қарсы бағытқа шығып кеткені үшін тоқтатылған. Жолда жүру ережелерін бұзған жаяу жүргіншілер де айыппұл төлеуге мәжүр болды. Хаттама 197 жүргіншіге толтырылды. «Қауіпсіз жол» шарасы  барысында полицейлер барлығы 2 989 ереже бұзушылықты тіркеді. Сондай-ақ, шара барысында алдын алу жұмыстары да жүргізілген. Жол полицейлері мұндай шаралардың әсері бар екенін айтады. Түрлі түстермен көмкерілген насихат жарнамалары барлық жүргізушілер мен жүргіншілерді сақ болуға шақырады.
 

Гүлмира Шоқтыбаева