Мәдениет

Үкілі Ыбырай туралы дәріс



 

 
Бірлестік жетекшісі, профессор Зарқын Тайшыбай алдымен Үкілі Ыбырайдың есімін елге танытқан әйгілі «Гәкку» әні жайлы әңгімеледі.  Қазақтың тұңғыш операсы «Қыз Жібек» арқылы бүкіл елге кеңінен танымал бұл ән  – Үкілі Ыбырайдың бір көргенде ғашық болған Кәкима атты сұлуға арнаған асыл туындысы. Бүгінге дейін «Гәккудің»  4 нұсқасы жетіпті. Одан өзге Үкілі Ыбырайдың музыкалық мұрасында «Мақпал», «Майда қоңыр», «Жайма қоңыр», «Шалқыма», «Алтыбасар» сияқты 40-қа жуық ән бар.  Сегіз қырлы бір сырлы өнер иесі Солтүстік өңірде туып өскен. Басындағы бөркінен үкісін тастамағаны үшін Үкілі атанған бабаның өмірі ән салып, серілік құрумен ғана өткен жоқ. Ол ел ісіне де белсене араласып, 1937 жылы саяси қуғынға ұшыраған  боздақтардың бірі.

  Зарқын Тайшыбай, СҚМУ профессоры:
 – Біз әр сабағымызды осындай талдау ретінде өткізіп отырамыз. Бүгінгі сабақ Үкілі Ыбырайға арналды. Оның шығармалары көбіне махаббат тақырыбын қамтиды.

Алдағы уақытта Ыбырай Сандыбайұлының мерейтойына орайластырылған шаралар ел көлемінде өткізілмек.
 

Кәусар Аяпбергенқызы