Мәдениет

Президент оркестрі Петропавлда өнер көрсетті

 

 

 

 

Республикалық ұлан  құрамындағы Президент оркестрі – әлемдік музыка жанрларының фольклорлық, классикалық, академиялық түрлерін қамтитын ірі шығармашылық ұжым. Ол елімізде өтетін барлық хаттамалық, дипломатиялық, мемлекеттік және басқа да салтанатты шараларды музыкамен сүйемелдейді. Оркестр құрамына елдің ең  дарынды жастары іріктелген. Олар негізінен мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегерлері мен халықаралық фестивальдардың лауреаттары. Президент оркестрі Халықаралық музыкалық аренада Қазақстан атынан лайықты өнер көрсетіп келеді. Өнер ұжымы ТМД мемлекеттерінде, Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Бельгия, Австрия және басқа елдердің сахналарында концерттерін табысты өткізген.

  Талғат Бердығұлов, Республикалық ұлан Перзиденттік оркестрінің жетекшісі:
 -Біздің тыңдармандар шапалақ соққанда таң-тамаша болдым. Жылы қарсы алды. Өзім қатты ризамын.

Салтанатты кеш соңында облыс әкімінің атынан оркестр музыканттары мен өнер ұжымының жетекшісі Талғат Бердығұловқа Алғыс хат пен гүл шоғы табыс етілді.    

 Көрермендер:

-Маған өте ұнады. Музыкалары өте әдемі.
 -Мен бұл әскери оркестр болған соң музыкасы да сондай деп ойлағанмын. Керісінше, әр түрлі ұлттың биін билеп шыққанда таң қалдым.
 

 Гүлден Сәрсенбаева