Құқық қорғау органдары

ІІД басшысының брифингі

 

 

 

 

 

Былтырғымен салыстырғанда жалпы құқықбұзушылық саны едәуір өскен. Оның ішінде ауыр қылмыс 34,8%-ға, пәтер ұрлығы 16,5%-ға көбейген, ал қасақана адам өлтіру фактілері 8% -ға кеміген көрінеді. ІІД бастығы Мұрат Ұрұмханов тонаушылықтың көбеюіне мүлік иелерінің салғырттығы себеп болатынын баса айтты. Кейбір ломбард, айырбастау пункттерінде күзет қызметінің жоқтығы соның бір дәлелі.  9 ай ішінде  хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу шараларының нәтижесі жаман емес, жасырынып жүрен 77 қылмыскер ұсталып, 87 адам табылған. Алдын алу шаралары әлі де күшейтіліп жатыр.

  Мұрат Ұрұмханов,  ІІД бастығы:

-Өздеріңіз де байқаған боларсыздар, біз соңғы айларда апта сайын алдын алу шараларын өткіздік.

Тілшілер тамыздың соңында тоналып, 22 млн теңгенің шығынын тартқан “Соболь” дүкеніне қатысты істің жайын сұрады.  Өйткені бұл қылмысқа қатысты ұйымдасқан топ 1 адам өлтіру, 2 қарақшылық шабуыл,  айырбас пунктін тонау сияқты басқа да өрескел құқықбұзушылықтарға барған.  Бұл биылғы жылы ұсталған жалғыз қылмыстық топ емес. Шілде айында облыс полицейлері  жас қыздарды ұрлап, республиканың басқа облыстарына жезөкшелікке сатуды кәсіп еткен топты қамауға алды.

 Анатолий Глущенко, СҚО ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары:
 – Ұрланған қыз балалардың біреуі “сатылып” үлгеріпті.
Бұл факт анықталды. Жапа шеккендер арасында кәмелетке толмағандар да бар.

Қазіргі кезде оқиғаға қатысы бар төрт адамның ісі сотқа берілді. Алғашқыда қылмыскерлерге 15 факті бойынша айып тағылған болатын. Істі тексере келе бұл топтың тағы да 20 оқиғаға қатысы бар екені анықталды.

Кәусар Аяпбергенқызы