Әр түрлі

Шетелден әкелінген тауардың есебі кеденде жүргізіледі

 

 

 

 

Үстіміздегі жылдың бірінші шілдесінен Кеден Одағына мүше елдер үшін тауар айналымына кедендік жүк декларациясын рәсімдеу алынып тасталған болатын. Осы себепті үш ел арасындағы сауданың даму үрдісін, ағымын сараптау үшін қажетті алғашқы мәліметтер қолда жоқ. Бұл жағдайды түзеу үшін енді кәсіпкерлер кеден органдарына статистикалық есеп тапсыратын болады.

  Айгүл Кәрімова, СҚО кедендік бақылау департаментінің маманы:
-“Мемлекеттік статистика туралы” заңға сәйкес статистика Агенттігі төрағасының статистикалық форманы толтыру туралы бұйрығы шықты. Осы бұйрық “Казахстанская правда” газетінде 6 қазанда жарияланды. Статистикалық форма есепті айдан кейінгі айдың үшінші күніне дейін тапсырылады.

Статистикалық форманың үлгісі кедендік жүк декларациясына сәйкес келеді. Айта кету керек, жеке және заңды тұлғалар шілде айынан кейінгі тауар айналымы үшін есепті қарашаның үшіне дейін тапсырулары қажет. Егер кәсіпкерлік нысандары статистикалық мәліметтерді тапсыру тәртібін бұзатын болса, әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Кедендік органдар Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымына қатысты статистикалық қызметті 2011 жылдың бірінші шілдесіне дейін жүргізетін болады.
 

Айымгүл Әбілева