ТКШ

Петропавл тағы да екі күн сусыз қалады

 

 

 

 

 

Биыл “Жол картасы” бағдарламасы аясында су жіберетін негізгі коллектор жөндеуден өткізілуде. Диаметрі 1000 мм-лік құбырлар жаңаларына ауыстырылып жатыр. Бұл су таратқышты іске қосу екі кезеңге жоспарланған болатын. Біріншісі қыркүйек айында су беру 2 күнге тоқтатылған кезде жүзеге асырылды.

Сергей Визеров, “Петропавл су” АҚ бас инженері:
Бұл су таратқыш ең негізгі болып саналады. Егер осы жерде апат бола қалса, бүкіл қалада су тоқтайды. Сондықтан үстіміздегі жылы төселгеніне елу жыл болып қалған коллекторды ауыстырып жатырмыз.  

Екінші кезең осы демалыс күндері орындалмақ. Бұл жолы басты коллектор толығымен іске қосылады деп жоспарланып отыр. Қазір  барлық дайындық шаралары аяқталыпты.

 Сергей Визеров, “Петропавл су” АҚ бас инженері:
-Бүгінде жұмыстың бір бөлігін аяқтадық. Енді тек су тоқтатылған кезде ғана атқарылатын шаруалар қалды. Бұл жұмыстарға 180-ге жуық адам жұмылдырылмақ.

Облыс орталығында су қазанның жиырма екісінен жиырма үшіне қараған түні сағат бірде тоқтатылып, жексенбі күні кешкі сағат он бірлер кезінде қайта беріледі. “Петропавл су” кәсіпорнының қызметкерлері бұл күндерді пайдаланып, өзге де жөндеу жұмыстарын қатар жүргізбек. Қала бойынша құбыр тиектері ауыстырылып, кейбіреулері жөнге келтіріледі.

 

Айымгүл Әбілева