Өнеркәсіп

«Поиск» жаңару үстінде

 

 

 

Қуат көзінің қымбаттауы кәсіптің одан әрі дөңгеленуіне тежегіш фактор болып отыр. Екі ауысыммен жұмыс істейтін серіктестік жарыққа күндіз 7,7, ал кешке 17,8 тариф бойынша төлейді. Дегенмен, «Поиск» венчурлық фирмасы өндіріс көлемін бір қалыпта сақтап, жұмысшылардың санын қысқартпай ұстап отыр.

Юрий Белоусов,  «Поиск» ЖШС венчурлық фирмасының бас директоры:

-“Поиск” кәсіпорнының өнімін Қазақстанның бірқатар өндіріс орындары пайдаланады. Соның ішінде Қызылорда, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан облыстарын атап өтер едім. Тапсырыс түсіп тұрады, жұмыс қарқыны жаман емес.

“Поиск” кәсіпорны жұмысқа серпін беру мақсатында құны  8 млн теңге тұратын металл өңдейтін жаңа құрылғы сатып алған. Мәселен, ол цилиндрлік тығынды берік етіп жасау үшін 800 градусқа дейін қызады. Кейін металға арнайы сұйықтық құйылады. Қалған  пештер мен станок құрылғылары тозған. Сондықтан фирма модернизациялау шараларын жүргізбекші .  Сол себепті «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасына қатысуды ұйғарған. Әзірге  кәсіпорын оған қажетті құжаттарды жинастыруда.

Сергей Гусев, шебер:
-Біздің фирма біршама ескіріп қалған құралдармен жұмыс істейді. Бұл қондырғылар 80-ші  жылғы десем қате болмас. Біздің станоктарды жаңарту қажет.

Кәсіпорында 5 механикалық учаске жұмыс істейді. “Поиск” серіктестігі еліміздің мұнай өндіруші 70-ке жуық кәсіпорнының тапсырысын орындайды. Мұнда қазір Оңтүстік Қазақстан облысына жөнелтілуі қажет бөлшектердің кезекті партиясы әзірленіп қойыпты. Мұнда құны 15 млн теңге болатын 40 түрлі құралдар бар. Жалпы кәсіпорын мұнайды өндіруге, бұрғылауға және геологиялық зерттеулерге қажетті 6 мыңға жуық қосалқы бөлшектерді жасайды. Кәсіпорын ұсынатын өнімдердің қатары уақыт өткен сайын жаңарып отырады. Бұл жерде конструкторлық бюроның атқаратын рөлі мықты.

Гүлден Сәрсенбаева