Балалар

Кәсіпкерлерге балабақша ашуға көмек көрсетілуде

  

 

 

 

 

 2 – 3 жас аралығындағы бүлдіршіндер орталыққа мамыр айынан бастап жарты жыл бойы келіп жүр. Көбінің тілдері осында шыға бастады. 2 жасар Нұрай орталықтағы балаларға әбден үйреніп қалған. Ол мұнда келуге асығып тұрады дейді  анасы.

  Құттықыз Шынтемірова:
-Мұнда өте жылы, жайлы. Қызым түрлі өлеңдер, ойындар жаттап келеді. Оған ұнайды.

25 балаға мұнда 2 тәрбиеші, 1 әдіскер, 1 аспаз – барлығы  20-ға жуық адам қамқорлық көрсетеді. Бұл шағын орталықты Нина Мацкевич 2 жыл бұрын ашпақ болған екен. Бірақ қаржы жағынан қиындықтар көп туындаған көрінеді. Енді Елбасының қолдауы арқасында қаланың басқа да аудандарында осындай орталықтар ашуды көздеп отыр

Нина Мацкевич, “Аспан” шағын орталығының директоры:
-Мен барлық құжаттарымды 2 жыл бұрын дайындап қойдым. Бірақ ашуға өз күшім жетпеді. Енді бұйырса,  90 шаршы метрлік тағы бір орталық ашамын.
 

“Аспан” орталығы мемлекет пен жекеменшіктің  әріптестігі  бағдарламасының аясында жұмысқа кірісті. Бір бала үшін мұнда айына 10 мың теңге төленеді, ал қалғаны мемлекеттің үлесінде. Бүгінгі күні Петропавлда мектепке дейінгі балалардың 59 пайызы балабақша мен шағын орталыққа орналастырылды. Кезекте әлі 5000-дай бүлдіршін тұр. Қалалық білім бөлімі осы орайда жеке кәсіпкерлерді әріптестікке шақырады.

 Елена Балло , қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары:
-Кәсіпкер өзі ғимарат тауып, оны барлық талаптарға сай келетіндей жабдықтауы тиіс. Ал мемлекет қаржы жағынан көмек береді. Әр балаға мемлекет айына 14 000 теңге көлемінде ақша бөледі.

Кәусар Аяпбергенқызы