Әр түрлі

Кәсіпкерлер санитарлық аймақ үшін салқ төлеуі керек



 

Өндірістік, коммуналдық объектілер және қоймалар  жақын маңдағы тұрғындарға қолайсыздық тудырмауы үшін санитарлық-қорғаныш аймағын құру керек. Қандай да болмасын өнеркәсіп орны халыққа қауіпті деп табылатын аумақтан алшақ тұрғызылып, қоршауға алынуы тиіс. Бұл  талап  ҚР Салық Кодексінде  бекітілген.  

Жібек Клюкова, СҚО бойынша салық департаментінің салықтық заңнамаларды түсіндіру басқармасының бас маманы:
-Елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне және олардың санитарлық-қорғаныш, техникалық және өзге де аймақтарға Салық Кодексінің 387-бабының талаптарына сәйкес белгіленбеген базалық ставкалар бойынша салық салынады.

Санитарлық-қорғаныш аймағын құрумен Петропавл қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы айналысады. Ал қоршалуға тиіс территория кәсіпорын өндірісі қалдықтарының зияны мен қауіптілігіне байланысты белгіленеді. Есеп бойынша 205 кәсіпкер санитарлық-қорғаныш аймағын құрмаған. Бұлар жұмыстарын бастағанда заң талаптары басқа болған. Енгізілген өзгерістерге сай мұндай кәсіпорындар құжаттарын қайта заңдастыруы керек.

Гүлден Сәрсенбаева