Туризм

Биыл “Асыл ана” қоғамдық бірлестігіне – 13 жыл

 

 

 

 

“Асыл ана” бірлестігі 13 жылдан бері талай мүгедек жанға қол ұшын берді. Тағдырдың тәлкегін бастан кешкен 70-тен астам мүгедек ана осы бірлестіктен өздеріне сүйеніш тапты дейді, –
«СҚО қарауында балалары бар мүгедек әйелдердің «Асыл ана» ҚБ  төрайымы Теңдік Сәрсекеева. Бүгінгі күні мүгедек аналар қоғам тірлігіне қызу араласып жүр. Олар саясаттан да қол үзген емес. Қоғамның 25 өкілі «Нұр Отан» партиясының құрамында. Саяси ұйым өткізетін шаралардан құр қалып көрген емес. Осы салтанатты кеште бірлестіктің белсенді мүшелері «Алғыс хаттармен» марапатталды. Тағы бірқатары «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылданып,  билетер тапсырылды. 

  Күлмайра Ахметова, «СҚО қарауында балалары бар мүгедек әйелдердің «Асыл ана» ҚБ  мүшесі:
– «Нұр Отан» партиясы құрамында қоғам өміріне белсене араласудамыз, алғысымыз шексіз.

Кеш соңында аналарға арналып концерт ұйымдастырылды.