Әр түрлі

Нумизматтардың коллекциялары толығатын болды

 

 

 

 

 

Бірінші күміс монета “Құлақты жұмырбас кесіртке” деп аталады. “Қазақстан фаунасы” сериясынан шыққан монетаның дизайны ерекше, жоғары сапалы металдан құйылған.

 

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банк” ММ СҚОФ қолма-қол ақшалармен жұмыс жүргізу және кассалық операциялар бөлімінің маманы:

-Бұл монетаның жалпы сатылатын бағасы 6000 теңге. Құрамы 925 сынамды күмістен. Таралымы 400 дана. Салмағы 24 грамм.

Ал “Луноход-1” банкке келіп түскен монеталардың арасындағы аса құндысы. Ол сирек кездесетін танталдан жасалған.

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банк” ММ СҚОФ қолма-қол ақшалармен жұмыс жүргізу және кассалық операциялар бөлімінің маманы:

 -2-ші монета “Космос” сериясынан. Бұл монета екі металдан тұрады. Сақинасы күмістен. 925 сынамды. Дискісі тантал металынан.

Жаңа үлгідегі соңғы монета “Отау көтеру” деп аталады. 

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банк” ММ СҚОФ қолма-қол ақшалармен жұмыс жүргізу және кассалық операциялар бөлімінің маманы:

-Үшінші металл «Қазақстанның әдет-ғұрыптары мен ұлттық ойындары» сериясынан. Бұл металл 925 сынамды. Бағасы 5700 теңге. Таралымы –  5000 дана.

Дегенмен, басқа монеталар да сапасы жағынан кем емес. Олардың арасында  таяуда Австралияның астанасы Канберра қаласында өткен күмістер байқауына қатысқан монета да бар.

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банк” ММ СҚОФ қолма-қол ақшалармен жұмыс жүргізу және кассалық операциялар бөлімінің маманы:

-“Жолбарыс” ҚР намысын абыроймен қорғап қайтты. Комиссияның шешімімен қазақстандық монетаға екі жүлделі орын берілген. Ерекше шедевр “Ең әдемі монета” мен “Технологиялық тұрғыдан ең табысты жасалған монета” аталымдарына ие болған.


Мұндай монеталар банкке ай сайын түсіп тұрады. Алайда тиражы тым аз. Сондықтан нумизматтықпен әуестенушілердің асыққаны абзал.

Гүлден Сәрсенбаева