Әр түрлі

Мүгедек балаларға демеушілердің сыйлығы

 

 

 

 

Тірек-қимыл жүйесінде ақаулары бар балаларды оңалту және қайта бейімдеу орталығында 20  жеткіншек тәрбиеленуде. Олардың негізгі бөлігі мектепте оқуда. Интернатқа сыйлық әкелген қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен бастауыш сынып оқушылары кездесті.

  Қабдырахман Шотаев,  СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы:
 -Біз Заречный поселкесінің №13 мектебіне әрдайым көмектесеміз. Жылына екі рет міндетті түрде барып тұрамыз. Қолдағыны ешқашан аямаймыз.


Қонақтар тарту еткен жаңа теледидар бүлдіршіндердің қалауымен жаттығу залына қойылатын болды. Енді балалар шыныға отырып, бір мезгіл көңілдерін де көтереді.

Зияда Тобылбаева, аудармашы:
-Тренажер залында телевизор орнатылды. Оның жаттығу залына қойылу себебі балалар спортпен шұғылдана отырып дем алады.

Бүлдіршіндерге мультфильмдері бар дискілер де сыйға берілді. Балалардың қуанышында шек жоқ.

Анна Рысева, тірек-қимыл жүйесі зақымданған мүгедек балаларды оңалту және қайта бейімдеу орталығының тәрбиеленушісі:
-Сыйлықтар үшін үлкен рақмет. Бізге мұндай тартулар жиі жасалып тұрады.

Биыл тәжірибе орталығында  «Жол картасы» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары  жүргізіліпті. Демеушілер бөлмелерді қажет заттармен толық қамтамасыз еткен. Мәселен, мұндағы жиһаздар мен перделер ағымдағы жылы ғана алынған. Кейін қонақтар балдырғандармен әңгімелесіп,  шағын шаңырақтың тыныс-тіршілігімен танысты.

Гүлден Сәрсенбаева