Әр түрлі

Кәсіпкерлер үшін жағымды жаңалық

 

 

 

Осыған дейін кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облысынан тыс жерде орналасқан кәсіпкерлер рұқсат қағаз алу үшін республикалық Агенттікке өтініш жазатын. Ал бұл көп уақыт алады, әрі қосымша шығынды қажет етеді. Енді бұл іс оңтайландырылып, аталған қызметті жергілікті мекеме көрсететін болады. Сөйтіп,  мемлекет кәсіпкерліктің дамуы үшін бар жағдайды жасап-ақ жатыр дейді департаменттегілер. Жалпы табиғи монополияларды реттеу Агенттігі 2008 жылы кейбір қызмет түрлері бойынша лицензия беру ісін өңірлердегі департаменттердің еншісіне берген болатын.