Спорт

Волейболшылардың жолдастық кездесуі

 

 

 

 

Омбылық волейболшылар шалғай аудандарда спортты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында келіп отыр. Ол Ресейде 2 ай бұрын қабылданған болатын. Жерлестеріміздің бұл жолғы қарсыластары осал емес, олар волейболдан Омбы облысының чемпиондары. Енді полтавалықтар мықтылықтарын қазақ жерінде сынауға келіпті. «Урожай России» спорт клубының жетекшісі Владимир Смирнов мұндай кездесулер ауыл жастарына тәжірибе жинақтауға ғана емес, көршілермен достық қарым-қатынасты нығайтуға да мол септігін тигізеді дейді.

  Владимир Смирнов, «Урожай России» дене шынықтыру – спорт клубының жетекшісі:
 – 1995 жыл біз «Урожай России» клубын құрдық. Содан бері өткізілетін барлық сайыстарға қатысып келеміз. Биылғы бағдарлама біз үшін қолайлы жағдай туғызып отыр. Енді сіздерге жиі келіп отырамыз деген ойдамын.

Бірінші кездесуде қонақтар М.Жұмабаев ауданы Совет ауылдық округінен келген құрамадан ұтылып қалды. Алайда бұл жеңілістен соң олар қайраттанып петропавлдық командамен болған келесі ойынды қызу бастады. Екі жақтың айырмашылықтары біршама. «Есіл-Виктория» құрамасы волейболдан Қазақстанның жоғарғы лигасына қатысып келген. Алғашқы кезеңде петропавлдықтар айқын басымдық танытты. Ал екінші кезеңді өз пайдаларына шешу жерлестеріміз үшін қиындау болды. Дегенмен, есеп 3:0. Жеңіс «Есіл-Виктория» командасында.

  Анатолий Зеленский, Полтава құрама командасының ойыншысы:
 – Ең алдымен бізге деген достық қатынас туралы айтқым келеді, өте жақсы қарсы алып жатыр. Бірінші барған М.Жұмабаев ауданында жақсы ойын болды. Қалалықтар да шеберліктерін көрсетіп жатыр.
Бұл турнирмен шектеліп қалмай, алда әлі көп кездесу болады деген сенімдемін.
 

 

Кәусар Аяпбергенқызы