Өнеркәсіп

Индустриализация картасындағы өзгерістер

 

 

 

Премьер-Министр Үкіметке әлеуметтік нысандардың құрылыс нормалары мен ережелерін қайта қарауды тапсырды. Соңғы уақытта мемлекет қаржысының тиімсіз пайдаланылуына жол беріліп отыр. Үкімет басшысы мектептер салтанат сарайына ұқсамауы керек, білім беру үшін ыңғайлы болып салынғаны дұрыс деді. Келесі жылы құрылысы басталатын нысандарда осы кемшіліктер есепке алынатын болады. Ал 2010 жылдан жүзеге асырылып жатқан индустриялық -инновациялық даму бағдарламасы бойынша 72 жобаны жүзеге асыру жоспарланған еді. Бірақ соңғы айларда тағы сегіз жоба қосылды. Сонымен жыл аяғына дейін жалпы құны 805 миллиард теңгенің 152 жобасы іске қосылады деген жоспар бар. 24 000 адам еңбекпен қамтылмақ. Жұмыс барысында республика бойынша 7 жоба бағдарламадан алынып тасталды. Есесіне облыстар өзге жобаларды қосып жатыр.  Ал Солтүстік Қазақстан облысында бағдарлама бойынша жыл соңына дейін 3 өндіріс орны ашылады. Келесі жылдың жоспарына бірқатар өзгертулер енгізілген.
 

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Индустрияландыру картасынан 2 жоба алынып тасталды. Есесіне, 6-н қостық. Май өңдеу зауыты ашылады, ЗИКСТО зауыты цемент таситын вагондар өндірісін игермек. Және 4 астық сақтау қоймасы  салынады.

Премьер-Министр облыс әкімдеріне әр жоба бойынша атқарылып жатқан жұмысты бақылауда ұстауды тапсырды.

Әсем Сембина