Әр түрлі

Аналар Астананы көріп келді

  
 

 

 

 Нәзік жандардың көбі Елордаға алғаш рет барғандар. Ұшақтан түскен аналардың жүздерінен сапардың оң болғаны айқын сезілді. Жаңа шаһарды арнайы экскурсия жетекшісімен аралаған аналардың саяхаттан алған әсерлері мол. Айта кету керек, жолаушылар арасында 3-ші топтағы мүгедектер мен еңбек ардагерлері де болды. Тоқтар Темірғалиева мұндай жолдамаға мемлекеттік қызметте 40 жыл еңбек еткені үшін ие болған.  Еңбек ардагері бұрын теледидар арқылы тамашалап келген жерлерді енді өз көзімен көргеніне қуанышты.

  Тоқтар Темірғалиева, еңбек ардагері:
-Сапар барысында көп жерлерді көрдік. Соның ішінде «Хан шатырында», «Бәйтеректе», Елбасымыздың алғашқы резиденциясында, Тәуелсіздік сарайында болдық. Жалпы саяхатымыз өзімізге ұнады.

Күлзипа Елубаева мен Сайран Бүкенбаева  – 7 баладан өсірген Алтын алқа иегерлері. Ақ жаулықты аналар мұндай ізет-құрметке үлкен алғыстарын білдірді.

  Күлзипа Елубаева, көпбалалы ана:
 -Бүкіл жақсы жерлерді араладық. Үкіметке рақмет. Көп баланың анасы деп апарып жатқанына рақмет.

Сайран Бүкенбаева, көпбалалы ана:
 -Ойнап, күліп келдік. Үш күн болдық. Қыдырдық, көрдік, жүрдік.

Тағы бір осындай топ Астанаға қазан айының соңында аттанбақ.

Гүлден Сәрсенбаева