Білім

Мерейтой қарсаңында

 

 

 

 

 Бүгін сахна төрінде отырғандар осы ұядан ұшқан мыңдаған шәкірттердің махаббатына бөленген қадірлі жандар. Екеуі бірінің жолын бірі жалғастырып, осында 30 жыл бойы тәрбиеші болып қызмет еткен. Балалар да оларға бауыр басып қалыпты. Жеткіншектер тәрбиешілеріне сыйлық ретінде әннен шашу шашты. Евдокия Кузнецова үшін осы мектептің әр баспалдағы ыстық. Ол қамқорлығына алған алғашқы түлектері де соңғылары да осы ұядан қанат қақты. Евдокия Михайловнаның үлгілі шәкірттерінің бірі- қазіргі интернат меңгерушісі Бекет Мұстафин. Ол 27 жыл бұрын тәрбиешісі үйреткен әнді бүгін  де дәл солай орындайды. 30 жылдық қажырлы еңбектен соң Евдокия Кузнецова тәрбие тізгінін Райхан Жақсыбаеваға табыстаған екен. Ол кісі зейнет жасына жетсе де, бүгінге дейін сүйікті ісінен қол үзбей, балалардың ортасында жүр. Еңбекте өзіне үлгі тұтқан адамы Евдокия Михайловна екен.

  Райхан Жақсыбаева, ардагер-ұстаз
Сол кісінің деңгейіне жету, сол сияқты тәрбиелеу керек екенін айтуға жалықпаймын. Жүрек жылуын қазақтың қара балаларына беруге ол жалыққан жоқ.

Мектеп өміріндегі айтулы мереке қарсаңында ұжым ауқымды жұмыс жоспарын әзірлепті. Бүгінгі кеш мерейтойдың кішігірім бір бөлігі ғана.

  Қарлығаш Қалижанова,  Ә.Досмұхамбетов атындағы гимназия-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

-Жұмыс жоспарында “Ұрпақтар сабақтастығы”, “Ұстаздарға тағзым”, “Олар мектепті басқарды” сияқты бағыттар бойынша көптеген тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бұның түпкі мақсаты оқушылардың танымдық тәрбиесін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту.

 Кәусар Аяпбергенқызы